Олег Новачук KAZ Minerals директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - Олег Новачук 2018 жылы қаңтардың 1-інен бастап KAZ Minerals директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. Соңғы 11 жылда компанияның атқарушы емес директоры, оның ішінде соңғы 5 жылда директорлар кеңесінің төрағасы болып келген Саймон Хил қызметінен кетеді.
Қаржы директоры Эндрю Саузам топтың басқарма төрағасы болып тағайындалады.
"Тәуелсіз бас директор Майкл Линч-Белл қосымша директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ұйымдастырушылық мәселелеріне және топтың тәуелсіз акционерлерінің мүддесін қорғауға жауап береді", - делінген хабарламада.
Қазір тәуелсіз атқарушы емес директор мен қаржы директорының орнына басқа қызметкер іздеріліп жатыр.
Баспасөз-релизінде С.Хилдің мынадай сөздері келтірілген:
"KAZ Minerals тобының директорлар кеңесінің төрағасы болған 5 жылдық еңбегімнен кейін,2017 жылдың соңына қарай бұл қызметтен кетуді жоспарлап отырмын. 2014 жылғы қайта құру процесі топты әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, аз шығын жұмсайтын өндіруші етіп қалыптастырды. Осыны және негізгі екі жобаның құрылысының 2016 жылы аяқталуын есепке алғанда KAZ Minerals қолайлы жағдайда, оның үстіне мыс нарығындағы болжамдар да көңіл көншітерлік деңгейде тұр. Қазір директорлар кеңесінің төрағасын алмастыруға ең ыңғайлы уақыт деп ойлаймын", - дейді ол.
О.Новачук соңғы 11 жыл ішінде топтың атқарушы жетекшілігінде болды. Оған дейін де қаржы директоры ретінде 2005 жылы топтың Лондон биржасындағы листингіне шығуы үшін белсенді еңбек етті.
Қазіргі қаржы директоры Э.Саузам 2017 жылы шілденің 1-інен бастап басқарма төрағасының орынбасары мен қаржы директоры лауазымдары кірікітірілген қызметте жұмыс істейді. Ал 2018 жылы қаңардың 1-інен бастап О.Новачук топтың басқарма төрағасы болып тағайындалады.
Төраға директорлар кеңесін барлық сала бойынша басқаратын болады. Ал ұйымдастырушылық қызметпен оның орынбасары айналысады. Сонымен бірге, директорлар кеңесінің төрағасы жаңа стартегиялардың жасалуына, мемлекеттік органдармен арадағы байланысқа және бизнестің дамуына жауапты.
Хабарламада: "Акционерлердің мүддесін қорғау мақсатында 2018 жылы қаңтардың біріне дейін директорлар кеңесінің құрамы өзгергенше, топ (KAZ Minerlas - ред.) жаңадан тәуелсіз атқарушы емес директорды тағайындайды. Осылайша, директорлар кеңесін бұрынғысынша тәуелсіз атқарушы емес директорлары құрайтын болады", - делінген.
KAZ Minerals - Қазақтандағы мыс өндіруші компаниялардың бірі. Бүгінде жұмыс істеп тұрған бес кен орны және төрт байытатын фабрикасы бар. Компания қосымша мырыш, күміс және алтын өндіреді.
KAZ Minerals PLC акциялары Лондонның, Қазақстанның және Гонконгтың қор биржаларында саудаланады.