Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда арзан күн батареясын ойлап тапты

Қазақстанда арзан күн батареясын ойлап тапты

Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - Күн батареясының прототипі энергия бағасын 50 центтен (1 Ватт) 25 центке (1 Ватт). Бұл туралы батареяны құрастырушы Азат Өмірғали хабарлады.

Оның айтуынша, бұл оптикалық шоғырландыру немесе «фотонды қақпанның» әсерінен мүмкін болды.

«Жарық оптикаға түседі. Оптика жарықты жинап, бір нүктеге бағыттайды. Ол жерде күн элементі қызып, электр тоғын шығарады. Бұл технологияның арқасында шығынды азайтуға болады. Соның есебінен күн батареясының бағасы да арзандайды», - деп атап өтті Азат Өмірғали.

Оның айтуынша, егер панелдің әлемдік орташа бағасы 110 доллар болса, қазақстандық батареяның өзіндік құны – 54 долларды құрайды. Жоба іске қосылса, жылына 50-60 мВт электр энергиясын өндіретін баареялар шығаруға болады. Бұл шамамен 15-20 мың пәтерді энергиямен қамтамасыз етуге жетеді.

«Алайда оны тәжірибеден өткізу үшін, өнімді өндіріске шығару керек. Ол үшін 200 мың доллар қаража пен кем дегенде бір жыл еңбек керек. Жалпы қыстан бері біз Almaty Tech Garden-нің құрамына кірдік. Одан бөлек, біздің өнімге қызығушылық танытып отырған бірнеше компания бар. Қазір олармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Егер мәселелер шешілсе, өндіріс іске қосылады. Нәтижесінде отаандық тауар сұранысқ ие болады деп ойлаймыз. Себебі, елімізде сапасы жағынан бердей, ал бағасы екі есе арзан өнім тұрғанда, Қытайдан тауар тасудың не қажеті бар?», - дейді Азат Өмірғали.

Похожие материалы