Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азаматтық авиация комитетінің басшысы қызметінен кетті

Азаматтық авиация комитетінің басшысы қызметінен кетті

Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов отставкаға шығуға сұранып, қызметтен кетті, деп хабарлады Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Бұл туралы Спутник Қазақстан жазды.

"Ол екі күн бұрын өз еркімен арыз жазған", — деді Қасымбек үкімет отырысынан соң.

Министр Сейдахметовтің не себепті отставкаға кеткенін айтпады. Болжам бойынша, азаматтық авиация комитеті басшысының қызметінен кетуіне соңғы екі айда "Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушы ұшақтарына қатысты оқиғалардың жиілеуі себеп болуы мүмкін. Сейдахметов азаматтық авиация комитетін 2011 жылдан бері басқарған.

Похожие материалы