Вашингтон. 2 мамыр. 7kun.kz - Луизиана штатының реттеуші органы First NBC Bank-тің қызметін тоқтатып тастады. Бұл 2017 жылы АҚШ-та жабылған төртінші банк, деп хабарлайды Интерфакс.
Бұл банктің депозиттері АҚШ депзиттерін сақтандыру корпорациясымен (FDIC) жасалған келісім бойынша Whitney Bank-ке өтеді. Жабық қаржы ұйымындағы депозиттердің иелері автоматты түрде Whitney Bank салымшылары болып шығады. Ал корпорация қаржыны сол шоттарда сақтандыруды жалғастыра бермек.
2016 жылы желтоқсанның 31-інде First NBC Bank-тің активтері 4,74 млрд доллар болған, оның ішінде депозиттердің үлесі - $3,54 млрд.Корпорацияның есептеуінше, банк жұмысының тоқтатылуына байланысты Депозиттердің сақтандыру қорының шығыны 996,9 млн доллар болмақ.
FDIC 250 мың долларға тең депозиттерді сақтандырады. 2016 жылдың төртінші тоқсанындағы мәліметтер бойынша сақтандыру жүйесінде 5913 банк пен жинақтық мекеме болған.Өткен жыл 2007 жылдан бері АҚШ-тағы қаржылық ұйымдардың ең аз банкротқа ұшыраған жылы болып саналды. Себебі 2015 жылы 8 банк жабылса, 2016 жылы бес банк банкротқа ұшырады. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 157 қаржы институтын қамтыған еді.