Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық балалардың Youtube-қа кіруіне шектеу қойылады

Қазақстандық балалардың Youtube-қа  кіруіне шектеу қойылады

Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда балаларға Youtube пен әлеуметтік желілерге кіруге шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР  Ақпарат және коммуникациялар министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров мәлімдеді.

Онда баланың дамуына зардап тигізетін ақпараттан қорғауды көздейтін заң жобасы таныстырылды.

«Қазіргі кезде байланыс операторларымен балаларға арналған пакеттерді әзірлеу қарастырылды. Бұл тұрғыда жас санатына қарай балаларға қолжетімді ақпараттың «ақ тізімі» жасалады. Операторлар бұл тұжырымдаманы пысықтап жатыр. Меніңше, жақын арада бұл бастаманы іске асырамыз», - деді Михаил Комиссаров.

Оның айтуынша, бұл пакет бүгінде жұмыс істеп тұрған «ата-аналар бақылауы» қызметінен бөлек іске қосылады. «Бүгінде байланыс операторларымен бірге балаларға, мектеп оқушыларына арналған пакеттерді ұсынуды қарастырудамыз. Онда ақпарат тиісті деңгейде сүзгіден өтеді. Яғни, балалар пакетінде әлеуметтік желілер, Youtube болмауы тиіс немесе онда алдын ала балалар үшін тазартылған Kaztube қамтылуы тиіс. Бұл ретте жеткіншектерге лайықты білім беру мен ойын ресурстары ескеріледі», - деп атап өтті ол.

«Бұл заң жобаларына парламенттің депутаты бастамашылық етті. Заңнаманың дидары өзгерді, даму қарқыны алапат. Ақпараттың тасқыны кезеңінде оның зардабынан балаларды, жас ұрпақты қорғаудың маңыздылығы күн тәртібіне шығып отыр», - деді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан таныстырылым барысында.

«Заң жобасының міндеті балаларды физикалық және психикалық денсаулығына, имандылық, рухани, психикалық, физикалық және әлеуметтік жағынан дамуына зардабын тигізетін ақпараттан, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездікті, порнографияны, қоғамға жат әрі құқық бұзушылық әрекетті насихаттайтын баспа, дыбыс пен бейне өнімдерін, электрондық және компьютерлік ойындарды таратудан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепілдіктерін енгізу. Осы орайда әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі ескеріліп отыр», - деп нақтылады Б.Тілеухан.

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы