Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жібек жолы арқылы жылдам жүретін жаңа пойыздар қатынайды

Жібек жолы арқылы жылдам жүретін жаңа пойыздар қатынайды

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - Қытай өте жылдам жүретін жолаушылар пойызының жаңа нұсқасын ұсынды. Оның жылдамдығы - сағатына 400 шақырым.  Бұл туралы China Daily хабарлады.

Мұндай пойыздар “Жібек жолының экономикалық белдеуін” байланыстыру мақсатында 2020 жылы іске қосылуы мүмкін. Олар 2013 жылы ҚХР үкіметі ұсынған “Бір жол - бір белдеу” атты бастаманың аясында пайда болмақ.

Аталған бастаманың мақсаты Ұлы жібек жолы секілді халықаралық ынтымақтастықты, экономикалық серіктестік пен өркениеттер арасындағы мәдени байланысты арттыруға бағытталған.

Даму және реформалар бойынша мемлекеттік комиссияның өкілі Фэн Хаоның айтуынша, өте жылдам жүретін бұл пойыз халқы тығыз орналасқан елдерді қамтып, автожолдардың “жүгін” жеңілдетпек.

Ал Қытай инженерлік академиясының академигі Лю Юмэй мұндай пойыздар шығару экономикалық тұрғыда тиімсіз деген пікірде. Себебі оның бөлшектерін жиі алмаcтырып тұруға және қазіргі рельс жолдарын жөндеуге тура келетін көрінеді. Егер жаңадан жолдар салып, бөлшектердің бағасын төмендетсе, мұндай проблема болмайды.  

 

Похожие материалы