Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ 2018 жылы Қазақстанның ЖІӨ артады деген болжам жасады

ХВҚ 2018 жылы Қазақстанның ЖІӨ артады деген болжам жасады

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2018 жылы Қазақстанның ЖІӨ 3,4 пайызға өседі деген болжам жасады. Бұл туралы қордың сайтында жарияланды.

Сонымен бірге, ХВҚ мамандары 2017 жылғы өсім 2,5 пайызға жетуі мүмкін деген болжам жасаған. Олар өсімге Қазақстандағы мұнай өндірісінің артуы мен бюджеттік шығындардың азайтылуына бағытталған шаралар әсер етеді деген сенімде.

Хабарламада «Орташа мерзімді алып қарайтын болсақ, мұнайдан бөлек экономика секторындағы өсім 4 пайызға жетеді. Бұған құрылымдық реформалар мен банк кредиттерінің жандануы әсер етеді», - делінген. Дегенмен ХВҚ сарапшыларының пікірінше, биржалық тауарлар мен мұнай бағасының ұзақмерзімді төмендеуі қазақстандық экономиканың нығаюына кедергі келтіруі мүмкін.

ХВҚ атқарушы директорлары Қазақстанның ресми органдарының дағдарысқа қарсы жасап жатқан іс шараларына жоғары баға берді.

Директорлар инфляциялық шектеу негізіндегеі ақша-кредиттік саясатты қолдайтынын айтқан. Олар Қазақстанның Ұлттық банкі  жаңа режимге деген сенімін және  валюта айырбастау бағамының  икемділігін арттыруы керек деген пікірде. Әсіресе, сарапшылар валюта бағамының жұмсақтығы  экономиканың төмен мұнай бағасына бейімделу барысында маңызды рөл атқаратын айтты.

 

Похожие материалы