Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - 16 мамыр күні Алматыда Еуропалық қайта құру және даму банкінің ұйымдастыруымен «Бизнестегі арулар» атты конференция өтеді. Бұл туралы ЕҚҚДБ баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның мақсаты «Бизнестегі арулар» бағдарламасының нәтижелерімен таныстыру, гендерлік ерекшеліктерді ескеретін банктің бизнес-моделін құру және Түркияның әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша тәжірибесімен бөлісу.
Конференция барысында БАҚ арналған баспасөз маслихаты өтеді. Оған ЕҚДБ Қазақстандағы директоры А. Прейманис, Даму қорының басқарма төрағасының орынбасары Д. Абылкаиров, ЕҚДБ шағын бизнесті қаржыландыру және дамыту бағдарламасының Қазақстан бойынша менеджері А.А. Қасымова қатысады.