Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан технологияларды дамыту жағынан біріншілердің қатарында - Драгунов

Қазақстан технологияларды дамыту жағынан біріншілердің қатарында - Драгунов

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылғы 16 мамырда Астана қаласында  Ұлттық ядролық орталықтың құрылуының 25 жылдығына орай «Жаңа буынның ядролық энергетикалық технологиялары» тақырыбына лекция өткізілді.

Аймақтық "Орта Азия Росатом" орталығының ұйымдастыруымен өткен дәріс барысында «ЭТҒЗКИ» АҚ Бас конструкторы, Ресей Федерациясының еңбегі сінген конструкторы Юрий Драгунов Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталықтың өкілдерін 25 жылдықпен құттықтады.

- Бұл мерейтой атомшылар үшін өте маңызды. Қазақстан әрқашан жаңа технологиялардың басшысы болды – Шевченко қаласында (Ақтау қ.) тұщытқыш кешенмен бірге үйлестікте БН-350 жылдам нейтрондардағы өнеркәсіптік реакторды бірінші болып ендірді. Қазақстан технологияларды дамыту және ендіру жағынан әрқашан біріншілердің қатарында болды, - деді Драгунов.

Юрий Драгунов атап өткендей: «ЭТҒЗКИ» АҚ Кеңес өкіметі кезінде зерттеу реакторларының жобаларын әзірлеу үшін ғылыми база болды, Қазақстанның барлық ірі реакторлары – бұл біздің институттың әзірлемелері».

Анықтама:

«ЭТҒЗКИ» АҚ – Ресей мен шетелде танымал көп салалы институт, ядролық энергетика мен технологиялар облысында жаңа жобаларды әзірлеу және ендіру бойынша атомдық саланың жетекші кәсіпорындарының бірі. Кәсіпорын «Росатом» атомдық энергетика бойынша мемлекеттік корпорацияның құрамына кіреді.

«Росатом» атомдық энергетика бойынша мемлекеттік корпорация 350 аса кәсіпорын мен ғылыми мекемелерді, соның ішінде Ресейдің атомдық саласадағы азаматтық кәсіпорындарды, ғылыми-зерттеу институттары мен әлемдегі жалғыз атомдық флотты біріктіреді. "Росатом" ядролық технологиялардың әлемдік нарығындағы көшбасшылық орынға ие. Қазіргі уақытта "Росатом" Ресейдегі 8 энергетикалық блоктары мен шетелдегі 34 энергетикалық блоктардың құрылысын жүзеге асырып жатыр.

 

Похожие материалы