Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің ауқымы кеңейді

«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің ауқымы кеңейді

Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz - Балалар жазушыларына арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауы мен «Алтын қалам» жүлдесінің біріктірілді. Бұл туралы «Алтын калам» әдеби жүлдесінің ұйымдастыру комитеті және “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы мәлімдеді.

Сондай-ақ Есенқұл Маманұлы атындағы жыл сайынғы сыйлықтың берілетінін жариялады.

Мақсат – еліміздің рухани-мәдени дамуына Қазақстан азаматы ретінде өз үлесін қосу және жас дарындар мен жаңа есімдердің қалың жұртқа танылуына ықпал ету.

«Алтын қалам 2017» әдеби жүлдесі Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының, сондай-ақ Арман Шораевтың, Қазақстан баспасөз орталығының, «Аруна» баспасының қолдауымен өтеді.

2017 алғаш рет «Дарабоз» байқауы «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің шарттары бойынша өтеді. Жеңімпаз “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы атынан 1000000 теңге сыйлық алады. Сонымен қатар, Есенқұл Маманұлы атындағы сыйлықтың иегері 1000000 теңгеге ие болады. Бұл сыйлық биыл Алашорда тақырыбына жазылған үздік шығармаға беріледі. 2017 жылғы шара Алашорданың 100 жылдығына арналады.

Оқырмандар төмендегі аталымдар бойынша дауыс береді:

1. Жылдың үздік поэзиясы

2. Жылдың үздік прозасы

3. Дарабоз. Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы

4. Есенжол Домбаев атындағы жылдың үздік сатирасы

5. Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы

6. Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы

7. Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін

8. Шетел авторының үздік шығармасы

9. Есенқұл Маманұлы атындағы сыйлық «Алашорданың 100 жылдығы» тақырыбына арналған үздік шығарма.

Еске салсақ, 2009 жылы «Алтын қалам» әдеби жүлдесі Досым Сатпаев, Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расул Жұмалы және Айдос Сарымның бастамасымен жүзеге асырылған болатын.

Конкурс жайлы толық мәліметті www.akalam.kz сайтынан біле аласыздар.

Похожие материалы