Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мұнайына шетелден сұраныс төмендеді

Қазақстан мұнайына шетелден сұраныс төмендеді

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан мұнайына шетелден сұраныс деңгейі түсіп барады. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Экспорт көлемі 2017 жылдың алғашқы тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда, 2 пайызға төмендеп 16 млн тонна болған.

Атап айтқанда, Жапония Қазақстан мұнайын пайдалану көлемін 102,5 млн долларға азайтса, Қытай 91 млн, Испания 79,5 млн долларға кеміткен. Бірақ, сұраныс азайғанына қарамастан экспорттан түсетін табыс көлемі өсті. Бұған қара алтын құнының артуы себеп болған.

Бірінші тоқсандағы мұнай мен мұнай өнімдерінің экспортынан ел қазынасына түскен жалпы табыс мөлшері 6 млрд доллардан асқан. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 35 пайызға жоғары. Өйткені, былтыр мұнайдың барелі орташа есеппен 34 пен 38 доллар арасында сатылған болатын.

Дереккөз: abctv.kz

Похожие материалы