Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның банктерді сауықтыру бағдарламасына капитал көлемі 45 млрд теңгеден асатын банктер ғана қатыса алады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты.
"Бағдарламаға қатысушылар ірі әрі әлеуметтік маңызы бар, жеке капиталы 45 млрд теңгеден асатын банктер болады деген жоспар бар", - деді Ақышев сәрсенбі күні өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, банк жүйесін сауықтыру бағдарламасын құрастыру аяқталып қалды. "Бағдарламаның ауқымы нақты банктердің нақты саны мен олардың шығындары бағаланғаннан кейін ғана белгілі болады. Бағдарлама Ұлттық банктің есебінен жүргізіледі", - деді Ақышев.
Ұлттық банктің қаражаты, банк төрағасының айтуынша, кейін қайтарылады. "Бағдарламаның басты шарттарының бірі банкті докапиталиязациялауға акционерлердің белсенді қатысуы", - деп қорытындылады төраға.
Бұған дейін Ұлттық банк 2017 жылы банк секторын сауықтыруды қолға алатыны айтылған еді.
Қазір Қазақстанда 33 банк жұмыс істейді.