Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банк «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасын жариялады

Ұлттық Банк «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасын жариялады

Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz - ҚР Ұлттық Банкі ресми сайтында «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңның жобасын жариялады.

Жаңа редакциядағы Заңды әзірлеу Қазақстанның заңнамасын экономикалық ортаның, оның ішінде Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі нәтижесінде, өзгеруіне бейімдеу үрдісінің жалғасы болып саналады.

Заң жобасын әзірлеудің мақсаты қарқынды дамып келе жатқан нарықтар жағдайында валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынастарды реттеуді одан әрі жетілдіру болып есептеледі. Бұл ретте заң жобасында ырықты валюталық режимнің қағидаттары және валюталық реттеудің қолданыстағы ақпараттық құралдары сақталған. Сондықтан, заң жобасын қабылдау бизнес үшін жағдайдың нашарлауына және теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкелмейді.

Заң жобасын қабылдау трансшекаралық капитал қозғалысының статистикалық мониторингін жақсартуға, валюталық реттеу режимдерінің негізгі рәсімдерін оңтайландыруға, кәсіпкерлік қызмет пен халықтың операцияларында, сондай-ақ макроэкономикалық деңгейде де жүзеге асатын қолма-қол ақшасыз және қолма-қол конверсиялық операциялардың тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банктің «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заң жобасын мына сілтемеге http://www.nationalbank.kz/?docid=186&switch=kazakh өту арқылы оқи аласыз.

Похожие материалы