Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада 40 млн теңгеге алынған терминалдар істемей тұр

Астанада 40 млн теңгеге алынған терминалдар істемей тұр

Астана. 29 мамыр. 7kun.kz - Астанада төтенше жағдайда шұғыл байланысу үшін орналтылған 5 терминалға 40 миллион теңге жұмсалған. Бір қызығы қазір олардың барлығы істен шыққан терминалдар, деп хабарлады today.kz.

Astana Innovations АҚ қызметкерлері терминалдардың 2013 жылы пилоттық режимде қойылғанын айтқан.

"Бүгінде терминалдар жүйеден өшірілген және істен шыққан. Терминалдарды алуға кеткен қаражат туралы сауалыңызға жауап берер болсам, пилоттық тестілеуді жүзеге асыру үшін 5 терминал сатып алынды. Ал жалпы оны қосу мен терминалға бағдарлама орнату барлығы 39,4 млн теңгеге түсті. Ал бір терминалға 7,8 млн теңге кетті", - деп хабарлады компаниядағылар.

Терминалдар қалалық ақпараттық ресурстар мен қызметтерге және қалалық жедел басқару орталығының операторларымен аудио және видео байланыс орнату үшін қойылған. Фото - Қазір компания бұл терминалдарды басқа бағытта пайдаланудың жолдарын қарастырып жатыр.

Похожие материалы