Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Билл Гейтс алдағы жазға ұсынған бес кітап

Билл Гейтс алдағы жазға ұсынған бес кітап

Танымал кәсіпкер, филантроп және Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өзінің блогында осы жазда оқып шығуға болатын кітаптарды тізімін жазды.  

"Осы жылы менің күнделікті өмірім мен жеке тәжірибемнен тыс дүниеге көзімді ашатын кәтаптарға деген қызығушылығым артқанын байқадым. Кейбір кітаптар маған мейнстримнен тыс өсудің, екі түрлі нәсілден туылған бала үшін Оңтүстік Африкадағы аппартеидте өмір сүрудің және Аппалачидің ауылды жеріндегі кедейліктен қашуды көздеген жігіт болудың, сонымен бірге Джорджиидегі Плейнис қалашығында тұратын фермердің баласы болудың қандай екенін ұқтырды", - дейді Гейтс өзінің блогында.

Билл Гейтс жазда оқып шығуға ұсынып отырған 5 кітап басқалардың қалай өмір сүретіндігі мен өмірде мақсатты болудың қаншалықты маңызды екені туралы адамдарға ой салады деген пікірде. Кәсіпкер "бұл кітаптардың барлығы қай жерде, қандай жағдайда отырғаныңызға қарамастан, сізді мүлдем бөлек әлемге алып кетеді" деп сендіреді.

Билл Гейтстің таңдауы: жазда оқуға арналған бес кітап:

Тревор Ной «Born a Crime»

(Туа біткен қылмыскер)

The Daily Show-дің бұрыннан келе жатқан жанкүйері ретінде Гейтс осы бағдарламаның жүргізушісі, оңтүстікафрикалық әзілкеш Тревор Нойдың тағдырына қызығушылықпен қарай бастайды. «Туа біткен қылмыскер»  атты өзінің мемуарында Ной оңтүстікафрикалық қара нәсілді ана мен швейцариялық ақ нәсілді әкеден туылған ол, өзін екі нәсірлге де жатқыза алмағаны туралы айтады. Екі нәсілді адамдардың некесіне тыйым салынған елде туған ол, адамдармен қарым-қатынас жасау үшін түстің емес, тілдің маңыздылығы зор екенін ерте түсінеді.

Мейлис де Керангаль «The Heart»

(Жүрек)

"Мұны жергілікті кітап дүкенінің көркем әдебиеттерге арналған сөресінен табуыңыз мүмкін. Бірақ Керангальдің уайым-қайғыны зерттеген бұл шығармасы поэзияға көбірек жақын. Автор жүрек трансплантациясы туралы оқиғаны баяндайды: ер жігіт қайғылы оқиғадан қаза болған соң, ата-анасы оның жүрегін мұқтаж жанға беруге шешім қабылдайды. Сюжет қайталама. Бірақ мені жаулап алған автор пайдаланған сөз бен символ құдыреті. Кітап тілінің көркемдігі сондай, бірер минутқа ғана пайда болатын кейіпкерлердің жан-тәніңізбен сезінесіз", - дейді Билл Гейтс.

Джей Ди Вэнс «Hillbilly Elegy»

(Ауыл эллегиясы)

"Бұл тамаша, жаныңды түршіктіретін кітапта Аппалачияның кедей өмірі туралы жазылған. Жап-жас Вэнс әкесі тастап кеткендіктен, әрі анасы оның тәрбиесіне қызығушылық танытпағандықтан, сүйікті ата-әжесінің қолында өседі. Кейіпкер, Йель заң мектебіне түсу үшін ештеңеге қарамастан, барлық қиындықты жеңіп шығады. Кітап кедейліктің кесірінен туындайтын отбасылық және мәдени проблемаларға негізделгенімен, адамды баурап алатын сиқыр Венстің оқиғалары мен ержүректігіне байланған". Бұл Гейтстің кітап туралы жазған әсері.

Юваль Арари «Homo Deus»

(Болашақтың қысқаша баяны)

"Өткен жылы жазда оқуға Араридің "Ақылды адам" атты кітабын ұсынған едім. «Homo Deus» соның жалғасы.  Екінші кітапта алғашқыда суреттелген оқиғалар өрши түскен, шиеленісті, әрі терең ойландырады. Автор қазіргі қоғамдық ұйымдардың принцптері ХХІ ғасырда өзгеріске ұшырайды деген ой айтады. Сонымен бірге ол адамзат өзінің баста мақсаттарына, яғни, соғыссыз, аурусыз және аштықсыз өмірге қол жеткізгенде не болатыны туралы талқылайды. Мен автордың барлық жазғандарымен толықтай келіспеймін, бірақ Арари біздің болашағымызға өте ақылды көзқараспен қарайды", - деп есептейді Гейтс.

Джимми Картер «A Full Life»

(Толық өмір: 90-ға келгендегі ойлар)

"Американың бұрынғы президенті жиырмадан астам кітап жазғанына қарамастан, өз өмірінен айтуыға тұрарлықтай тағы да қызықты оқиғаларды таба білген. Бұл кітап Джорджиядағы ауылды жерде, сусыз, жарықсыз үйде өткен балалық шағы оны қалай президент болуға итермелегені туралы. Оқиғаның бірақ бөлігі өткен ғасырда болса да, әлі де маңыздылығын жоймаған", - деп қорытындылайды бизнесмен.

Похожие материалы