Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасы бойынша бүгінге дейін жалпы құны 18 миллиард теңгелік кредит мақұлданды, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Бағдарлама бойынша Астана, Алматы қаласы мен Маңғыстау облысы қатысушылар саны жағынан көш басында тұр. Әсіресе 25 пен 40 жас аралығындағы қазақстандықтар бағдарлама аясында баспаналы болуға ниетті. Еліміз бойынша сұранысқа ие пәтер құны орта есеппен 12 миллион теңгенің шамасында", деп жауап берді 7kun.kz сауалына "Баспана" ипотекалық ұйымынан.
Еске салсақ, бағдарлама бойынша тек жаңа үйге несие беріледі. Дегенмен, жауапты ұйым ипотекалық нарықты дамыту мақсатында ескі үйлерді несиелеу жайын қарастырып жатыр екен. "Бұл мақсатта «Баспана Хит» бағдарламасы жүзеге асырылады", дейді "Баспана" ипотекалық ұйым біздің сауалымызға жауабында.