Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«7-20-25» бағдарламасы: 103 млрд теңге қарыз берілді

«7-20-25» бағдарламасы: 103 млрд теңге қарыз берілді

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады. 

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 171,5 млрд теңге сомаға 15 191 өтініш қабылданды. Оның ішінде 103,8 млрд теңге сомаға қарыз беруге 9 029 өтініш мақұлданды.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында  www.baspana72025.kz  сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.    

Похожие материалы