Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша 181,5 млрд теңге сомаға қарыз алуға 16 084 өтінім қабылданды. Оның ішінде 108,4 млрд теңге сомаға қарыз алуға 9 442 өтінім мақұлданды.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.