Алматы. 11 наурыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 117,7 млрд теңге сомаға 10 321 өтініш қабылданды. Оның ішінде 69,9 млрд теңге сомаға қарыз беруге 5 983 өтініш мақұлданды.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.