
Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде осы жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша қарыз алуға 160,2 млрд теңге сомаға 14 144 өтінім қабылданды. Оның ішінде 97,4 млрд теңге сомаға 8 442 өтінім мақұлданды.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.