
Алматы. 31қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алуға 92 млрд теңге сомасына 7 949 өтініш қабылданды. Оның ішінде 55 млрд теңге сомасына қарыз беруге 4 612 өтініш мақұлданды.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.