Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"7-20-25" бағдарламасымен 12 мыңға жуық өтініш мақұлданды

"7-20-25" бағдарламасымен 12 мыңға жуық өтініш мақұлданды

Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — "7-20-25" мемлкеттік бағдарламасы аясында 227,2 млрд теңге сомаға 20 137 өтінім қабылданды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінде.

"7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша 227,2 млрд теңге сомаға 20 137 өтінім қабылданды. Оның ішінде 136,2 млрд теңге несиеге 11 934 өтінім мақұлданды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты табысы бар және өтініш берген сәтте баспанасы болмаған азаматтар алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7%-ды құрайды. Ипотекалық кредиттер бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады. Қарыз мерзімі - 25 жылға дейін.

Похожие материалы