Астана. 11 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасының орнына жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуға дайын тұр. Қазір оның шарттарының заңға сәйкестігі қарастырылуда.
«Ең бастысы, алғашқы жарна және қолжетімді ставка болуы керек. Қолдан келсе, біз бүкіл халық үшін мөлшерлемені 7%-дан асырмаймыз», – деді министр.
Еске салайық, бұған дейін осы жылдың соңында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аяқталуы мүмкін екені хабарланған. 2022 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 701,5 млрд теңгеге 54 мың қарыз берілді.
Айта кетейік, елдегі жылдық инфляция 17,7 % жетті.