Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасы аясында беріліп жатқан пәтерлердің орташа аумағы 62 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ баспасөз қызметі.
62 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы аясында сатылымның үздігі атанды. Ал тұрғын үйдің орташа бағасы 14 миллион 68 мың теңге.
Несие алушының орташа жасы да белгілі болды. Ол – Қазақстан Республикасының 24-40 жас аралығындағы азаматы. Оның айсайынғы жалақысы отбасына 200 мың теңгені құрайды.
«Біз банк тарапынан мақұлданғанын күтетін өтінімдердің көп екенін көрдік. Бұл «7-20-25» бағдарламасының әлеуметтік маңыздылығын, өзектілігін көрсетеді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.
Оның айтуынша, бағдарлама бойынша жылдық 7% пәтерді жалдап тұрғаннан арзан түседі.
«Мұнымен қоса, несие алушы өз үйінде тұрады, енді ол пәтерді жалдамайды. Бұл шынымен өте жақсы ғой», - деді Қайрат Алтынбеков.
13 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардан 15,4 млрд теңгеге 1323 өтінім келіп түскен. Олардың 843-ін банк мақұлдады және жалпы сомасы 9,7 млрд теңге болды.
Қазіргі уақытта тұрғындар ЦентрКредит, АТФБанкі, Bank RBK және ЦеснаБанкінен ипотекалық несие ала алады.