Алматы. 30 қазан. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.
2018 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша қарыз алуға 47,1 млрд теңге сомасына 3 989 өтініш қабылданды. Оның ішінде 31,8 млрд теңге сомасына қарыз беруге 2 658 өтініш мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша қандай да сұрақ туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.