Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«7-20-25»-тің барлық клиенттері кредитін уақытылы төлеп отыр

«7-20-25»-тің барлық клиенттері кредитін уақытылы төлеп отыр

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасының борышкерлері ай сайынғы ипотекалық төлемдерін мерзімінен кешіктермей төлеп келеді.

2018 жылы ай сайынғы орташа төлем 55 мың теңгені құраған. Қарыз алушылардан түсетін ай сайынғы төлемнің жалпы көлемі шамамен 170 млн теңгені құрап отыр.

«7-20-25» бойынша құны 8 бен 14 млн теңге аралығындағы пәтерлерге сұраныс жоғары. Құны 8 миллион теңге тұратын пәтер үшін ай сайынғы төлем (кредит мерзімі 25 жыл болғанда) 45 мың теңге, ал 10 миллион теңге пәтер үшін - 56 мың теңге, құны 12 миллион теңге пәтер үшін - 79 мың теңгені құрайды.

«7-20-25» бағдарламасына қатысқан Астана қаласы тұрғындарының орташа айлық табысы 170 мың теңге, алматылықтардың айлық табысы 150 мың теңге, Шымкент тұрғындарының айлық табысы 120 мың теңге болған. Ипотекамен тұрғын үй сатып алған басқа өңір тұрғындарының орташа айлық табысы 70 мың теңгені құрады.

Статистика кейбір БАҚ-та жарияланған «бағдарламаға қатысу үшін кем дегенде 300 мың теңге көлемінде табысың болуы керек» дейтін тұжырымдарды жоққа шығарып отыр.  

Похожие материалы