Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7 қарашаға арналған металл және мұнай бағамдары

7 қарашаға арналған металл және мұнай бағамдары
Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - Жетінші қарашаға арналған металл және мұнай бағамдарының бағалары анықталды. Мұнай: Әлемдік мұнай бағалары төмендеді. Лондондағы ICE Futures биржасында Brent  мұнайының қаңтар фьючерстерінің құны 22:33-те 0,95 долларға (1,3%) арзандап, баррелі 72,22 долларды құрады.Нью-йорк тауар биржасында WTI мұнайының желтоқсан фьючерстері бұл уақытта 0,82 долларға (1,3%) арзандап, баррелі 62,28 доллар болды. Металл: 6 қараша алтын бағасы тағы көтерілді. 22:41-де, Нью-Йорктегі COMEX тауар биржа бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері  4,4 долларға (0,36%) қымбаттап, бір троялық унциясы 1234,2  долларға сатылды. Күміс фьючерсінің құны 0,12%-ға арзандап, бір троя унциясы 14,630 долларға сатылды. Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша 22:35-те  bitcoin 6439,79 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 0,06%-ға арзандап,  капитализациясы 111,7 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 2,16%-ға қымбаттап, 213,96 долларға бағаланды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 22,04 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы — 206,5 млрд доллар.

Похожие материалы