Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7 жылға сотталған Бақытгүл Хаменова аппеляциялық шағым түсірді

7 жылға сотталған Бақытгүл Хаменова аппеляциялық шағым түсірді

Атырау. 2 желтоқсан. 7kun.kz – Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты апелляциялық шағымдар түскенін хабарлады.

«Атырау қаласының №2 сотына Б.Хаменовадан, оның адвокаты И.Вранчевтан, У.Адамов пен оның адвокаты К.Адамовадан және А.Рысқалиевтың адвокаты Н.Жолболовтан апелляциялық шағымдар түскенін хабарлаймыз. Апелляциялық шағымдарға байланысты іс әлі алқа қарауына берілген жоқ», – деп хабарлады облыстық сотта.

Еске салайық, Атыраудағы №2 қалалық сот Бақытгүл Хаменованы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-блімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазасын өтеуі үш жылға шегерілген.

Похожие материалы