Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АИ-80 бензин бағасынан мемлекеттік бақылау алынады деген ақпарат жалған болып шықты

АИ-80 бензин бағасынан мемлекеттік бақылау алынады деген ақпарат жалған болып шықты

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-80 маркалы бензин бағасынан мемлекеттік бақылау алынады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп жазады Sputnik.

Осыған дейін қазақстандық БАҚ арасында "энергетика министрлігі АИ-80 маркалы бензин бағасынан мемлекеттік бақылауды алу туралы бұйрық дайындап жатыр" деген ақпарат тараған еді. Маусымның ортасында бұл құжатты ұлттық экономика министрлігі мақұлдап, оны әділет министрлігі тіркеген соң он күннен кейін бұйрық өз күшіне енетіні хабарланған. Осылайша, шілде басталған тұста Қазақстанда бағасы мемлекет арқылы бақыланатын бірде-бір жанармай түрі қалмайды.

"Мен бұл ақпарат әзірге жалған, әрі сенімсіз деп айтар едім. Біз АИ-80 бензин бағасынан мемлекеттік бақылауды тек модернизация процесі толық аяқталған соң, осы жылдың екінші жартысында ғана аламыз деп айтқанбыз", - деді Бозымбаев.

Сонымен бірге, ол Қазақстанның болашақта АИ-80 бензинінен мүлдем бас тартатыны туралы болжамдарға да тоқталып өтті.

"Біз келесі жылдан бастап К4, К5 стандарттарына өтеміз. Бұл дегеніңіз Еуро-4 пен Еуро-5 деген сөз. Ал АИ-80 бензині бұл стандартқа кірмейді. Ерте ме, кеш пе әйтеуір жаңа стандартқа көшуіміз керек. Одан бөлек қоршаған ортаны қорғау, көлік қозғалтқышы жанармайының тиімділігі деген қарапайым дүниелер бар.

АИ-80 маркалы бензині Қазақстанда бағасын мемлекет бақылайтын жалғыз бензин. Ал АИ-92/93 бензиндерінің бағасы 2015 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік бақылауда емес. Ал 2016 жылдың тамызынан бастап дизельді жанармай бағасы да еркін айналымға жіберілді.

Похожие материалы