Сыртқы саяси және нарықтық жағдаяттың жағымсыздығына қарамастан, америкалық уран нарығы ресейлік атом өндірісінің ядролық отын циклының бастапқы кезеңіндегі өнімінің ірі жеткізушісі - «Техснабэкспорт» АҚ үшін маңызды мақсатты нарық болып қала бермек.
2017 жылы уран өнімінің кезінде КСРО-дан АҚШ-қа алғаш рет жеткізілгеніне 30 жыл толды. 1986 ж. қазан айында америкалық SWUCO Inventory Storage Corporation компаниясымен жасалған уранды байыту бойынша қызмет көрсету туралы шарт негізінде Қоғам АҚШ АЭС-ның отын өндірісі үшін 70 мың БЖБ жуық экспорттаған.
Қоғамның АҚШ нарығында жұмыс істеген үш онжылдықтың 20 жылы «Мегаваттарға айналған мегатондар» бірегей бағдарламасына қатысуымен белгіленген. 1994 пен 2013 жылдар аралығында «Техснабэкспорт» АҚ 1993 жылғы ядролық қарудан шығарылған жоғары байытылған уранды қолдану туралы ресейлік-америкалық үкіметаралық келісімді жүзеге асыру аясында АҚШ-қа жалпы көлемі 90 мың БЖБ жуық уранды байыту бойынша қызмет көрсетіп келген. Осы жылдар ішінде жалпы алғанда америкалық АЭС ресейлік ТБУ қолдануымен ~7 трлн кВт*сағ электр қуаты өндірілген.
«Мегаваттарға айналған мегатондар» бағдарламасы аясында шарт міндеттерін мінсіз орындаған «Техснабэкспорт» АҚ ресейлік экспорттаушының сенімділігіне АҚШ энергиялық компанияларының көзін жеткізіп, Қоғамның үнемі ерекше мән беріп отыратын шарт бойынша өзара қарым-қатынастардың ары қарай дамуына берік негіз құрды.
1992 жылы енгізілген демпингке қарсы шектеулерді еңсеруде ресейлік тараптың жігерін Американың энергетикалық компаниялары белсенді қолдап, 2008 жылы АҚШ Сауда министрлігімен келісілген көлемде Ресейдің уран өнімінің коммерциялық жеткізіліміне жол ашылды.
Бүгінде «Техснабэкспорт» АҚ экспорттық қоржынында 2028 жылға дейін жеткізілімдері қарастырылған 19 америкалық компаниямен жалпы сомасы 6,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 25 келісім-шарт бар. Жыл сайынғы АҚШ АЭС реакторлық қажеттілігі (~3 млн ЕРР) 20%, ал 2020 жылға дейін келісілген ресейлік уран өнімі жеткізілімдерінің көлемі 95% пайдаланылған. 2011–2016 ж.ж. кезеңінің лимиттері толық таңдалған.
Қоғам АҚШ әріптестерімен арасындағы көпжылдық қарым-қатынастарды жоғары бағалап, олардың тұрақты әрі қарышты дамуына сенімді.
Анықтама: БЖБ – бөлудің жұмыс бірлігі; байыту барысында уран изотоптарын (U235 және U238) бөлу үшін талап етілетін күш салудың қалыпты өлшем бірлігі