Кейде өмір алдыңа екі таңдау қояды: не мемлекеттік , не коммерциялық қызмет. Ал қай қызметте мансап қуу тиімді екенін дөп басып айту тіпті де қиын. Барлығы мақсатың мен мінез-құлқыңа т.б. факторларға байланысты. Осы тұрғыда “Мегаплан” компаниясының директоры Сергей Козлов екі қызметте де қатар істеген тұлға ретінде өз кеңестерімен бөлісті.
Мен 20 жасымда белді бір шенеуніктің көмекшісі болып жұмыс істегендіктен, мемлекеттік қызмет туралы азды-көпті пікір айта аламын. Одан кейін де түрлі өндірістік алпауыт саналатын компанияларда жұмыс істедім. Егер ірі мемлекеттік бизнестен шағын және орта бизнеске үйренісу оңай болды десем, жалған айтқан боламын. Түптеп келгенде “Мегапланда” демократиялық атмосфера қалыптасқан.
Мемлекеттік компанияларда бюрократизм жайлаған. Ал біздің индустрияда басқару құрылымы қарапайым: басшы → бөлім басшысы →жұмысшы. Еңбек демалысына шығу үшін жарты жыл бұрын өтініш жазудың керегі жоқ. Қайта-қайта мазалай беретін хатшы да жоқ.
Бізде “ашық есік” деген ереже бар. Егер менің есігім ашық тұрса, кез келген адам кіріп, өз мәселесін айта алады. Егер жабық болса, “тақылдатып әуре болмаңыздар, менің қолым бос емес” деген сөз. Әріптестерімізбен “сен” деп сөйлесеміз, туған күнді бірге тойлап, айдың соңында қорытындыны да бірлесіп дайындаймыз.
Бизнесте мемлекеттік қызметтен келгендерді аяй қоймайды, сондықтан онда ұзақ отырып қалмауға тырысыңыз. Бірақ әр нәрсенің де өз уақыты бар.
Егер жас болсаңыз, әрі бәрі бірден болғанын қаласаңыз онда сізге тек коммерциялық мекемеде істеу керек. Ал мемлекеттік қызмет төзімділікті жақсы көреді. Бастапқыда екі мекеменің де жалақысы бірдей болғанымен уақыт өте келе едәуір айырмашылықты байқайсыз.
Бизнесте жалақы мөлшері жоғары. Бірақ белігілі-бір кезеңге дейін. Мемлекеттік басқару қызметінде тәп-тәуір жалақы алуға болатын шығар, бірақ оған жетуідің өзі қиынның-қиыны. Ол жерге бір “жайғасқан” адам да ұзақ отырады. Егер университет қабырғасында оқып жүрген болсаңыз мемлекеттік қызметке орналасыңыз. Біріншіден, академиялық демалысқа шығу жеңілірек. Екіншіден, тапқырлығыңыздың арқасында тамыр-таныс тауып, мықты іскерлік байланыс орнатуыңыз мүмкін. Ал бұл пост кеңестік аймақта ақшадан да қымбат.
Мемлекеттік қызметтегі әріптестерім өздерінің тұрақтылығы мен ашықтықтарын ең бағалы қасиеті деп есептейтін. Көптеген бюджеттік ұйымдарда қызмет етушілер болашақтарына сеніммен қарайды. Қалай десек те, шенеунікке жұмыс табылады, олар ешқандай дағдарысқа қарамай, кез келген билік үшін жұмыс істей береді.
Ал коммерциялық фирмадағы жағдай тікелей мемлекеттің экономикасымен тығыз байланысты.
Сондықтан егер сіздің жасыңыз 40-тан асқан болса, жеке бизнесіңізді ашпай және ешқандай биік мансапқа қол жеткізбеген болсаңыз - ойланбай мемлекеттік қызметке ауысуыңызға болады.
Мүмкін жалақы жағына келгенде ұтылатын шығарсыз, бірақ басқа жағынан алып қарағанда ұпайыңыз түгел болады. Салықтан жеңілдіктер аласыз, медсақтандыру, коммуналдық қызметтерді төлуге жеңілдіктер аласыз. Кейбір мемлекеттік мекемелерде әлі де санаториялар мен демалыс үйлеріне жолдамалар беріп отырады.
Бірден 28 күн демала аласыз, әрі тәжірибеңіз көтерілген сайын демалыс күндері де ұзара түседі.
Егер мемлекеттік қызметте жүргеніңізге он жыл болса да, кішігірім бөлім бастығынан әрі аса алмасаңыз, өз қабілетіңізді бизнесте сынап көругеніңіз мақұл. Сеніңіз, бизнесте өзіңізді көрсетуге мүмкіндік жетерлік.
Көптеген компаниялар мемлекеттік қызметкерлермен сөйлесе алатын мамандарды іздейді. Бірақ сізден бұрынғыдай жұмыста құр отырғаныңызды емес нәтижені талап ететінін ұмытпаңыз.
Бизнесте қызметкердің жұмысын бағалау барысында үнемделген немесе қосымша түскен табысты есептейді. Бірақ мен әлі күнге дейін мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын қалай анықтауға болатынын және оны қалай ынталандыру керектігін түсінбеймін.
“Мегапланда” мен қызметкерлерді бақылауды барынша азайтуға тырысамын. Оларға еркіндік беріп, мақсатқа жету жолын өздері таңдағандарын қалаймын. Бірақ жетекші ретінде мен үшін де ең бастысы - нәтиже.
Жұмысшы кеңсеге бес минутқа кешігіп келді ме, жоқ па маңызды емес, оның бітіріп шығуы тиіс жұмыс көлемі бар. Жалпы басшылар тарапынан қатты бақылаудың болмауы жұмысшыға еркіндік беріп, өз тәртібін қалыптастыруына көмектеседі деп есептеймін.
Адамның ішкі ойларының да жұмысқа ықпалы мол. Өз аумағымен ғана шектелетін жұмысшылар әрқашан табалады. Өкінішке орай, ондайлар көп. Бірақ тағы бір жұмысшылар бар, олар әрдайым демалысқа шыққан қызметшілердің орнын алмастырады, бастыққа да көмектесіп жібереді, жаңа тапсырмаларға да тез үйренісіп алады.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмет жұмыстың нәтижесімен бас ауыртпайтын адамдарға арналған. Олар өздерінің ақ екендіктерін дәлелдеуге әрдайым себеп табады. Егер сіз жауапкершілігіңізді өз қолыңызға алуға қорықпасаңыз, кәсіби жетілуге дайын болсаңыз коммерциялық компанияларға қарағанда мемлекеттік қызметте аз нәтижеге қол жеткізесіз.