Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазТрансОйл" АҚ төрағасының орынбасары ауысты

"ҚазТрансОйл" АҚ төрағасының орынбасары ауысты

Алматы. 2 маусым. 7kun.kz - 1 маусымнан бастап Идырысов Орал Армияұлы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың трансформация жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақпарат.

«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылғы 26 мамырдағы шешімімен Идырысов О.А. 2017 жылдың 1 маусымынан бастап компанияның Басқарма мүшесі болып сайланды.

Идырысов «Еңбек экономисі» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1977 жылы «Алма-Атажилстрой» трестінің СМУ-30 ағаш шебері болып бастаған.

1981-1997 жылдар аралығында Алматы қ. комсомол, партиялық және кеңес органдарында әртүрлі жауапты қызметте болған.

1997-1999 жылдары құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің аймақтық даму және кадр бөлімінің бас инспекторы.

1999-2001 жылдары «Қазақойл» ҰМГК ЖАҚ құжат айналымын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және бақылау департаментінің директоры.

2001-2016 жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС және т.б. ұйымдарда басшылық қызметтерде болған.

2016 жылдың мамыр айынан «ҚазТрансОйл» АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры қызметін атқарған.

 

Похожие материалы