Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 2-4 маусым аралығында «Медиа және РR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты II Халықаралық РR Жазғы мектебі өтті.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған Жазғы мектепке АҚШ, Қырғызстан елдерінің бұқаралық коммуникация зерттеушілері, БАҚ жетекшілері, бас редакторлар, журналистер, PR мамандары қатысты.
Шара аясында шетелдік және қазақстандық журналистер, танымал PR мамандарының шеберлік сыныптары өткізілді. Мысалы негізігі спикерлердің арасында Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов; АҚК коммуникация жөніндегі Басқарушы Директоры Қуат Домбай; «Kaspi Bank» АҚ баспасөз хатшы Ербол Азанбек; Alma-TV жарнама және PR директоры Әділбек Махмед; Астана Банк PR-менеджері Әлия Боранбаева; «Эйр Астана» авиакомпания корпоративтік коммуникация департаментінің маманы Нәзира Қайымова; «Кселл» АҚ PR-маманы Салтанат Бердіқұлова және т.б.қоғаммен байланыс саласының мамандары болды.
Сонымен бірге, II Халықаралық РR Жазғы мектебінде "Қаржылық капитал – абырой-беделді басқару", "PR және SMM: өзара тиімді қызмет", "PR трендтері 2017", "Медиарилейшнз. Жаңа медианың мүмкіндігі" және "Дағдарыс жағдайындағы PR. Дағдарыс жағдайында коммуникацияны басқару" атты өзге да маңызды тақырыптар талқыланды.