Қазіргі уақытта көлікті қайдан сатып алған тиімді? Жақын автосалоннан, автонарықтан немесе шетелден тапсырыс берген дұрыс па? Бұрын жаңа болсын, бұған дейін пайдаланылған көлік болсын оларды шетелден алып келу оңай болатын. Кедендік бақылау мен жеткізу құнын қосқанның өзінде баға тиімді болатын. Алайда қазіргі уақытта заңға бірқатар өзгеріс енді. Рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерді мемлекетке әкелуге тыйым салынды, кедендік баж салығы көбейді, экологиялық кластағы автокөліктерге шектеу, кедендік одақтың техникалық тәртіптеріне сай болу, алғашқы тіркеуге қажетті жинақтың өсімі мен утилизациялық жинақ, «апат кезінде шұғыл қоңырау шалу» батырмасының болу міндеттілігі – осының барлығы импорт мүмкіндіктеріне шектеу қойды. Ал қазір көлікті қайдан сатып алған тиімді?
ЕАЭО елдерінен көлік сатып алу
Алғашқы кезекте, әрине, өте ауқымды автопаркі бар Ресей тұр. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, федерация нарығында 49,7 млн авто сатылымда. Таңдау көп, сонымен қатар кедендік баж төлеудің де қажеті жоқ. Бірақ бұл тиімді ме? Автокөлікті жеткізу кезінде утилизациялық жинақ пен алғашқы тіркеуге қаражат төлеу керек болады. Утилизациялық жинақ тәртібі қарапайым. Оған арнаулы базалық мөлшерлеме бар. Жинақ 50 АЕК-ті (113 мың 450 теңге) құрайды. Бұған қозғалтқыштың көлеміне қарай коэффициент қолданылады. Егер мотор көлемі 1-2 литр шамасында болса, утилизациялық жинақ 794 мың 150 теңгеге тең болады. 2-3 литр болса, 1 млн 134 мың 500 теңгені құрайды. Ал мотор көлемі 3 литрден жоғары жағдайда, жинақ 2 млн 609 мың 350 теңге болады.
Ал алғашқы тіркеудің талаптары басқаша. Егер машина жаңа болса (2 жылға дейін) 0,25 АЕК қаржы төлейсіз. Көліктің қолданыста жүргеніне 2-3 жылдан аспаса, төлем көлемі 50 АЕК, ал үш жылдан артық қолданыста болған ескі көліктерге төлем 500 АЕК-ті құрайды.
Мысал ретінде ҚР нарығында танымал Renault Duster кроссоверін алайық. Моторы екі литрлік кроссовердің қымбат нұсқалары 6 млн теңге тұрады. Ал Ресей автосалондарындарында бұл машинаның бағасы 5,6 млн теңге. Оған утилизациялық жинақ пен ( 2 литр – 794 мың 150 теңге) жеткізу құнын қосамыз. Яғни Ресейден көлік тасымалдау тиімсіз.
Ресейден әкелінетін автокөліктер бағасы мен қазақстандық автосалондар ұсынған баға айырмашылығы 150-1150 АЕК көлемін құрайды. Сонымен қатар, жеткізу қызметінің құны бар.
Кей жағдайда Ресей автокөліктері біршама қымбатқа түседі. Көбіне 530i xDrive нұсқадағы жаңа BMW 5-Series машинасы Қазақстанда 21,7 млн теңге тұрады. Ал Ресейде оның құны 23 млн теңгені құрайды.
[caption id="attachment_70992" align="alignnone" width="650"] Фото: kolesa.kz[/caption]Енді бұрын қолданыста болған автокөліктер нарығын қарастырайық. Мысал ретінде 3 жыл қолданыста болған Lexus LX 570 көлігін алайық. 2017 жылғы көліктер Қазақстанда 21-30 млн теңге шамасында, ал Ресейде 19,3-28,7 млн теңге. Айырмашылық үлкен емес, сондықтан жеткізу құны, утилизация жинағы (2.6 млн ) және алғашқы тіркелімге (1.2 млн) кететін шығын ақталмайды.
Алайда Ресейден көлік сатып алудан бас тартуға асықпаңыз. Себебі дилерлер ұзақ уақыт сатылмай тұрған көліктерге әр түрлі акциялар жариялап, жеңілдіктермен сатады.
Дегенмен ол үшін сізге үнемі автосалондар сайтын қадағалап отыруыңызға тура келеді. Сонымен қатар, РФ нарығында Қазақстанда сатып алу мүмкін емес автокөліктер де бар. Тағы бір айта кететін нәрсе автокөлік белгілі бір критерийлерге жауап беруі керек.
Олар: экологиялық класы Еуро-4 санатынан төмен болмауы керек, ал антиблоктау тежегіш жүйесі, фронтальды қауіпсіздік жастығы, ISOFIX жүйесі және күндізгі фарлары болуы міндетті. Бұл талаптар орындалмаса, Қазақстан Республикасына есепке тұру мүмкін емес.
Қырғызстанның көліктері ескі
[caption id="attachment_70993" align="alignnone" width="697"] Фото: kolesa.kz[/caption]Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіргеніне бірнеше жыл болды. Бірақ бұл елден автокөлік алып келу қиын. Автонарықтың басым бөлігі – рөлі оң жақта орналасқан машиналар. Жоғарыда аталған барлық талаптарға сай, рөлі сол жақта орналасқан көлік тапқан болсаңыз, алдыңызда тағы бір мәселе тұрады: қазіргі уақытта біздің елге Қырғызстанда 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген көліктерді ғана кіргізуге болады. Егер машина бұл датадан кеш тіркелген болса, кедендік баж салығына қосымша айырмашылық құнын да төлеуге тура келеді. Армениядан көлік жеткізу талаптары да осындай.
Талап қатал...
[caption id="attachment_70995" align="alignnone" width="696"] Фото: kolesa.kz[/caption]Жеке тұлғаларға ЕАЭО тыс елдерден көлік сатып алуға тыйым салынған. Бұл елдердің автокөліктеріне де қойылатын талаптар - Еуро-4, антиблоктау тежегіш жүйесі, фронтальды қауіпсіздік жастығы, ISOFIX жүйесі және күндізгі фарлар. Сонымен қатар, кедендік баж салығы моторы 1,5-3 литрлі машиналар үшін 19 пайызды құрайды. Одан бөлек, шетелден жеткізу бағасы мен 12 пайыздық қосымша құн салығы (ҚҚС) төленуі тиіс. Ал ең басты мәселе «апат кезінде қоңырау шалу» батырмасы болады. Қазақстанға Кедендік одаққа кірмейтін елдерден әкелінетін кез келген автокөлікте ұйым талаптарына сай дабыл батырмасы болу міндетті. Бұл терминалдарды орнатуға болады, бірақ краш-тест сертификаты қажет. Алдағы уақытта Ресейдегі сияқты терминалдарды қарапайым монтаждау мүмкіндігі пайда болуы мүмкін. Қарапайым терминалды орнатудың өзі шамамен 170 мың теңге тұрады. Дегенмен ол болашақтың еншісінде, терминал орнатылған күнде де импорт тиімді болмайды.
[caption id="attachment_70996" align="alignnone" width="698"] Фото: kolesa.kz[/caption]Мысалы, сіз Америкадан 2011 жылы шығарылған Toyota Tacoma сатып алғыңыз келеді. Моторы 4 литрлі машинаның бағасы 20 мың доллар (6,3 млн теңге). Мұндай көліктің кедендік бажы 2,7 млн теңге болады (ҚҚС қосқанда). Қосымша 2,6 млн утилизациялық жинақ пен 1,2 млн тіркеу бағасы бар. Жалпы шығын 12,8 млн теңгені құрайды. Жеткізу құнын да ұмытпаңыз.
[caption id="attachment_70997" align="alignnone" width="697"] Фото: kolesa.kz[/caption]Ал егер мотор көлемі кішкентай (1,5 литрге дейін), қолданыс уақыты 3-5 жылдық көлікті алып келгіңіз келсе, кедендік кіріс орденін толтыру арқылы өткізуді қарастырсаңыз болады. Бұл жерде көлемнің әр текшесі 1,5-1,7 еуро (ҚҚС төленбейді) болады.
[caption id="attachment_70998" align="alignnone" width="689"] Фото: kolesa.kz[/caption]Бағасы 2,1 млн теңгелік 2013 жылғы Toyota Yaris үшін кедендік баж 523 мың теңге болады. Одан бөлек, алғашқы тіркеу үшін 1,2 млн теңге және утилизациялық жинақ үшін 340 мың теңге ақша кетеді. Сонымен қатар, Германиядан жеткізу құны да кіреді.
Нәтижесінде
Кедендік одақтан тыс елдерден автокөлік тасымалдау қарапайым адамдар үшін тиімді емес, тіпті мүмкін емес десе де болады. Шұғыл қоңырау пәрмені жұмысын тексеруден өткізуге өндірушілердің ғана мүмкіндігі бар. Оның үстіне көлікті ЕАЭО нарығына тек қана жеткізу үшін краш-тестке қомақты қаржыны барлығы жұмсай бермейді.
ЕАЭО елдеріне келсек, бұл жерде де аса пайда жоқ. Біздің елде жоқ модельдер мен маркалар ғана жаппай сатылым тиімді болуы мүмкін. Қай нұсқаны таңдасаңыз да белгілі бір уақытқа дейін созылып кету мүмкін. Сондықтан шетелден көлік сатып алмас бұрын, жеңілдік шарттарымен танысып, дилердің статусын тексеру керек. Себебі, ресейлік автонарықта көлік маркасы мен ресми өкілдің атын жамылып, сауда жасайтын алаяқтарға алданып қалу мүмкіндігі жоғары.
Дереккөз: kolesa.kz