Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көмір бағасы қазақстандықтар үшін қымбаттап, шетелдіктер үшін арзандаған

Көмір бағасы қазақстандықтар үшін қымбаттап, шетелдіктер үшін арзандаған

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Қазақстандық көмір өндірушілер шетелдік сатып алушыларға арнап жаппай сатылым ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында көмір бағасы ТМД елдері үшін 9 пайызға, одан тыс мемлекеттер үшін 17,5 пайызға төмендеген. Бірақ жергілікті халық үшін биыл жыл басынан бері көмір бағасы 7 пайызға қымбаттаған.

Көмір өндіруші мекемелер сатып алушылардың географиясын кеңейту мақсатында шетелдіктерге арнап бағаны арзандатып жатыр.

Бірақ өткен жылы көмір бағасы ТМД елдері үшін 28 пайызға, ал одан тыс елдер үшін 7,2 пайызға қымбаттаған.

Көмір өндірушілер 2012-2013 жылдардағы өндіріс деңгейіне жетуді көздеп отыр және осы жылы бұл бағытта үлкен серпіліс жасалды.

2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 37,7 миллион тоннаға жетіп, бір жыл ішінде 18,9 пайызға өсті.

2014-2016 жылдары елдегі көмір өндірісі жыл сайын орташа есеппен 6 пайызға қысқарып отырған еді. Өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты 3 жыл ішінде нарықтың белсенді мүшелері де 2,5 есеге, яғни 33-тен 13-ке дейін қысқарды.

Көмір өнеркәсібін дамытуда жаңа бағытқа, яғни көмірхимиялық саланың дамуына үлкен мән беріледі.

Похожие материалы