Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы - пәтер бағасы жөніндегі көшбасшы

Алматы - пәтер бағасы жөніндегі көшбасшы

2015 ақпанында Казриэлт порталының базасындағы Алматыда көрсетілген пәтерлердің орташа бағасы 362 440 мың теңгені құрады яғни бір шаршы метрі үшін 1959 доллар. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 2,94% көп, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,11% аз деп хабарлайды kapital.kz.

Салыстыру үшін Қазақстанның қайталама жылжымайтын мүлік нарығындағы пәтерлер бағасы 362 181 мың теңге немесе бір шаршы метрі үшін 1958 долларды құраған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 3,64%, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,86% көп.

Ал Алматы қаласындағы жекеменшік үйлердің бағасы 56 296 583 теңге немесе обьекті үшін 304 306 доллар көлемінде белгіленді. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 15,51%, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,65% көп.

Ақпан айында Алматы Қазақстан қалаларының ішінде пәтер бағасы жөніндегі тізімде көш бастап тұрды. Екінші және үшінші орындарда Астана, Қарағанда қалалары орналасты.

"Казриэлт" порталының базасында барлығы Алматыдағы 241 пәтер есептелді. Олардың 206-ы қайталама нарықта саудаға түскен. Өзгелері жылжымайтын мүліктің бастапқы нарығында көрсетілген.

 

Похожие материалы