Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап естелік купюраларын шығарды

Қытай Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап естелік купюраларын шығарды

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - 1851 жылдан бастау алатын ЭКСПО көрмесінің тарихында тұңғыш рет арнаулы естелік купюролар шығарылып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қытайдың «Ваньбо» және «Чжаньдао вэньхуа» атты екі компаниясы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-мен келісе отырып, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне және Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай естелік банкноттар мен пошта маркасын шығарды.

Банкноттар мен пошта маркасының салтанатты тұсаукесер шарасы Шанхай қаласында болды. Оған Шанхайдағы ҚР бас консульдығының өкілдері, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ілгерлету және туризм департаменті, Қытайдың халықаралық сауда-саттыққа жәрдем көрсету комитеті мен қытайдың бірқатар бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстан (Бәйтерек пен ЭКСПО-2017-дағы Қазақстанның ұлттық павильоны) мен Қытайды (Ұлы Қытай қорғаны және Аспан ғибадатханасы) бейнелейтін банкноттар (номиналсыз) 5 мың данамен шығарылды.

Жиында сөз алған Шанхай қаласындағы ҚР бас консулы Жошыхан Қыраубаев Қазақстандағы Қытай туризмі жылы және алдағы ҚХР төрағасының Астанаға ресми сапары туралы айтты. Және қытайлықтарды Қазақстанда өтетін көрмеге белсенді қатысуға шақырды. Шара қатысушыларына халықаралық көрме туралы видеоролик көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.

Похожие материалы