Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық оқушы төтенше жағдайда көмектесетін қосымша ойлап тапты

Қазақстандық оқушы төтенше жағдайда көмектесетін қосымша ойлап тапты

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Шаг» компьютерлік академиясымен бірге «Ашық үкімет» порталының ашық деректері негізінде жұмыс істейтін мобильдік қосымшалар байқауын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Шаг» компьютерлік академиясының шәкірті 16 жастағы Давид Кнышенконың «Fast Helper» жобасы байқаудың жеңімпазы атанған. Бұл мобильдік қосымша төтенше жағдайларда қолдану үшін жасалған. Оның көмегімен өрт сөндіру қызметін, жедел жәрдем немесе құтқару қызметін шақыруға болады.

Сондай-ақ шақырылған қызметтің келуін күтпей-ақ, не істеу керек және қалай істеу керек екенін еске түсіретін ақпараттық анықтама бөлімі қарастырылған. Қазылар алқасы адамдардың дені қауіп-қатер кезінде не істеу керек екенін білмей немесе білетінін еске түсіре алмай қалған кезде қосымшаның пайдалы екендігін атап өтті.

Байқауға ұсынылған жобалар идеяның түпнұсқалылығы, әлеуметтік маңыздылығы, қолайлылығы, коммерциялау болашағы секілді талаптар бойынша бағалады. Екінші және үшінші орынға, адамдарға өздеріне қолайлы мектепті, аурухананы, дәріхананы таңдауға мүмкіндік беретін, «Алматы қ. оқу орындары» мобильдік қосымшасы (С.Кажиев, В.Кадацких) және «HealthApp» (С.Алиханова) web-қосымшасы жобалары ие болды.

 

Похожие материалы