IT, Технология
Министр әлеуметтік желі жұмысында туындаған қиындықтарға қатысты пікір білдірді
Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы әлемуеттік желілердің дұрыс жұмыс істемеуін "еліміздегі операторлардың жұмысында қиындықтар болуы мүмкін" деп түсіндірді сейсенбіде өткен үкімет отырысынан кейін.
Қазнет қолданушылары тап болған проблемаларға қатысты Абаев "Ия, қазір осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз... Байланыс опреаторы бұл жайтты түсіндіріп береді", - деді.
Ол Қазақстандағы интернет үшін Қазақтелеком мен Транстелеком атты опреаторлар жауап беретінін айтты.
"Біріңіз Қазақтелекомды, біріңіз Транстелекомды пайдаланасыз. Сондықтан кейбір интернет қолданушыларында проблемалар болып жатыр. Бұл белгілі бір байланыс операторына қатысты болуы мүмкін. Осы тұрғыда қазір жұмыс істеп жатырмыз және алдағы уақытта ақпарат беретін боламыз", - деді ақпарат және коммуникация министрі.
Соңғы күндері Қазнет қолданушылары Twitter, Instagram және Facebook секілді бірқатар әлеуметтік желілердің жұмысында қиындықтар туындағанын айтып шағымданып жатыр.