Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Mail.ru Group компаниясының бас директоры Борис Добродеев Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде осылай деді.
"Осы жылы оның құқығын да өзіміз иеленеміз деп жоспарлап отырмыз, - деді Б.Добродеев. - Біздің қолданушыларымыздың арасында жекелеген теле-шоуларға деген сұраныс жоғары, олардың кейбірі, тіпті, кәсіби видеоиндустрияда да сұранысқа ие. Сондықтан мұндай контенттің, оның ішінде кәсіби индустриямен бірігіп жасалғандардың да болашағы зор".
Б.Добродеевтің айтуынша, Mail.ru платформасындағы видеоқаралымдар күніне 800 миллионға дейін жетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары. Дегенмен видеоконтенттің 95 пайызы қолданушыларға тиесілі.
"Біз UGC эволюциясына сенеміз, - деді Добродеев. - Мысалы, киберспорт жарыстарының бірінде 12 млн қаралымға дейін жиналды. Бұл телеарна аудиториясымен бірдей деуге де болады".