Алматы. 6 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 маусымдағы доллардың орташа бағамы 312,84 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,10 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,70 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 41 млн 200 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 91.
Ақша айырбастау орындарында 6 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 314 теңгені құраған.