Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Жылына әрбір қазақстандық 52 мың теңге көлемінде тегін медициналық көмек алады. Ranking.kz сараптама қызметі 2017 жылы мұндай қызмет үшін бөлінетін мемлекеттік шығын 32 пайызға, яғни 955,7 млрд теңгеге артатынын хабарлады.
"Мұндай шығын түрі соңғы бес жылда үш рет ұлғайған. Ал 2019 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,1 трлн теңгеден асады", - дейді мамандар.
Сонымен бірге, 2017 жылдың екінші жартысынан бастап, медициналық сақтандырудың нәтижесінде 140 млн теңгеге тегін медициналық көмек көрсетіледі. Бұл қаражат 2018 жылы 331 млрд теңгеге, 2019 жылы 337 млрд теңгеге ұлғаяды. 2017 жылдың соңына қарай Міндетті медициналық сақтандыру қорына 662,2 млрд теңге түсім түседі деп жоспарланып отыр.
"Денсаулық" бағдарламасы бойынша елдің демографиялық ахуалына едәуір әсер ететін ауруларды емдеуге тегін көмек көрсетіледі. Оның ішінде өлім-жітімнің 50 пайызына қан айналымы жүйесі аурулары, қатерлі ісіктің пайда болуы, зақым, балалық шақ пен босану прцестері себеп болады. Сәйкесінше, тегін көмектің көп бөлігі осы ауруларға жұмсалады.