Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік шағын және орташа қуатты реакторлардың болашағы зор - Юкия Амано

Ресейлік шағын және орташа қуатты реакторлардың болашағы зор - Юкия Амано

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Ресейге Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысуға келген Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Амано Балтық Кеме жасайтын зауытына барды.

«Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің СІМ және Венадағы Ресей Федерациясының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігі бірлесіп Амано мырзамен Балтық зауытының өндірістік алаңдары және атомдық мұзжарғыштардың жаңа буынының құрылысын қарап шықты.

Зауыт директоры Алексей Кадилов МАГАТЭ басшысына өнеркәсіптің жұмысы туралы айтып, содан кейін олар атомдық мұзжарғыш 22220 "Арктика" жобасы – ресейлік мұзжарғыш флотының болашақ флагманының бортына көтерілді.

«Маған мұзжарғыштардың көлемі мен салынып жатқан кемелерде қолданылатын атомдық энергетикалық құрылғыларға енгізілген ядролық және физикалық қауіпсіздік жүйелері ерекше әсер етті. Сонымен бірге реакторлардың өздері шағын болса да, олар мұзжарғыштардың ұзақ мерзімге автономдық навигациясын қамтамасыз етеді. Сіздің еліңіз шағын және орташа қуатты реакторларды құруда дамыған технологияларды меңгеріп, менің ойымша, олардың келешегі өте зор», - деп атап көрсетті Балтық зауытына жасаған техникалық турдың қорытындысында Ю. Амано.

Похожие материалы