Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - РФ Президенті Владимир Путин америкалық режиссер Оливер Стоунға Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы мен әлемдегі НАТО-ның рөлі туралы айтып берді, деп хабарлады Риа-Новости.
"Путиннің сұхбаты" (Интервью Путина) атты деректі фильм АҚШ-та шілденің 12-15 аралығында америкалық ең ірі CBS медиатобына кіретін Showtime телеарнасынан көрсетіледі.
Америкалық режиссер Ресей президентінен "қызу жанжал" болған жағдайдағы АҚШ-тың үстемдігі туралы сұрады.
"Менің ойымша бұл соғыста ешкім аман қалмас еді", - деп жауап берді Путин.
Бұған дейін ол "Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасты қырғи-қабақ соғыс жылдарынан кейінгі ең нашар қатынас және ондаған жылдар бойы құрылған екі-ел арасындағы серіктестік бұзылды" деп көрсеткен еді. Дегенмен, Ресей президенті әлі де үміт бар екенін жасырмады.
Ал біраз уақыт бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонға Мәскеумен арақатынасты жақсарту туралы тапсырма берген еді.
Сонымен бірге, Путин әлемдегі НАТО-ның рөлі туралы да пікір білдірді.
"Баяғы Кеңес одағы мен Шығыс блок енді жоқ. Онда неге НАТО әлі де жұмыс істейді? Меніңше НАТО өзінің қызметін ақтау үшін өзіне жау іздеп әлек, әйтеуір біреуді қарсылас етіп көрсетуге тырысады", - деді ол.