Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік хакерлер Катардағы саяси дағдарыста арандатушылық жасады - АҚШ

Ресейлік хакерлер Катардағы саяси дағдарыста арандатушылық жасады - АҚШ

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - АҚШ ресейлік хакерлерді Катарда дипломатиялық дау туғызған ақпарат агенттігіне шабуыл жасады деп айыптап отыр. Бұл туралы CNN телеарнасы тергеу барысымен таныс дереккөзге сілтей отырып хабарлады.

Телеарнаның мәлімдеуінше, АҚШ-тың ресми өкілдері ресейлік хакерлердің мақсаты АҚШ пен оның жақтастарының арасына от салу болғанын айтқан.

Катардың ақпарат агенттігі әмірліктің билігіне қатысты ресми ақпарат жарияланатын бірден-бір БАҚ. Мамырдың 23-інде бұл порталда Катар әмірінің Сауд арабиясындағы елшіні шақыртып алуды және Иранмен қарым-қатынасты реттеуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат жарияланған еді.

Кейіннен Доха агенттіктің сайтына шабуыл жасалғанын және жоғарыда айтылған ақпаратты билік өкілдерінің атынан хакерлер жариялағанын мәлімдеді. Катар билігі ақпаратты теріске шығарғанымен, араб мемлекеттерінің біраз бөлігі Катармен дипломатиялық қарым-қатынасты толықтай үзді.

Похожие материалы