Лондон. 9 маусым. 7kun.kz - Ұлыбританияда Парламент сайлауы аяқталды. Тереза Мэйдің партиясы көп дауыс жинағанымен, үкімет құру құқына ие бола алмады.
Үкімет құқығына ие болу үшін партия палатадағы 650 орынның жартысынан көбін иемденуі қажет. Бірақ сайлау нәтижесі бойынша британдық премьер-министрдің басқарушы Консервативтік партиясы Қауымдар палатасынан 314 орын, ал оппозициялық Лейбористік партия 261 орын алған.
ComRes әлеуметтік компаниясының негізін қалаушы Эндрю Хокинс Твиттерде:
"Мэй бұған қалай шыдар екен, білемедім. Бұл авантюра қазірдің өзінде жағдайды шиеленістіріп жіберді. Ал саяси ретсіздік, хаос "брекситтегі" келіссөздерге әсер етіп, экономикалық дағдарыс тудыруы мүмкін", - деді.
Can't see how May can survive this - the gamble has caused huge disruption already and risks Brexit negs and econ turmoil due to pol chaos
— Andrew Hawkins (@Andrew_ComRes) 9 июня 2017 г.
Жалпы мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтетіні жайлы сәуірдің аяғында жария етілді. Премьер-министр Тереза Мэйдің айтуынша, бұл корольдіктің тұрақты дамып, Еуроодақтан шығу үрдісі кезінде британдық қоғамды біріктіру үшін қажет.