Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге сұраныс артты

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге сұраныс артты

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz -  Қазақстандық жүргізушілер 2016 жылы 43 пайызға көп газ жанармайын сатып алған. Ал бензиннің сатылы 5 пайызға төмендеген. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

Республика бойынша газ жанармайын құю станциялары 51 пайызға артқан. Бұған былтырғы жылы бензин бағасының күр өсуі себеп болып отыр. Мысалы, өткен жылы ең жиі пайдаланатын АИ-92 бензинінің орташа бағасы 13 пайызға немесе 15 теңгеге көтерілген.

2016 жылы Қазақстан бойынша барлығы 457,8 тонна газ жанармайы сатылған. Ал оның сатылымынан түскен сома бір жылда екі есеге көбейіп, 28,9 млрд теңгеге жеткен.

Алғаш рет 2015 жылы  үкімет бензин бағасын мемлекеттік бақылауды алып тасған кезде авто жанармай құю стацияларында газ сатылымы күрт өскен еді.

Похожие материалы