Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Самұрық-Қазына" тендердің барлығын бір компанияға беріп отырған

"Самұрық-Қазына" тендердің барлығын бір компанияға беріп отырған

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - Жыл бойы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ мемлекттік тендерінің 94 пайызын бір ғана компания алып отырған. Бұл туралы Алик Шпекбаев КТК телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, Алик Шпекбаев "Ұлттық компаниялардың тиімді дамуына жемқорлық кедергі болып отыр. Қылмыстық істер көбейді, биыл небары төрт айда 51 қылмыс тіркелген. Оның тең жартысы мемлекеттік сатып алуға байланысты", - дейді.

"Ұлттық компаниялар мемлекеттік тендерге бөлінген бюджет қаржысын қай кәсіпкерге беруді өздері таңдап отырған.  Ал бизнесмендер "ұлттық компаниялар тендерге қатысу үшін пара сұрайды" деп жиі шағымданды", - дейді Шпекбаев.

Мысалы, «Самұрық-Қазынадағы»  тендердің 94 пайызын жыл бойы жалғыз компания ұтып отырған. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы агенттік квазимемлекеттік сектордың қазына қаржысын қалай және қайда жұмсағанын жіті тексеруді және тендерді электронды жүйге көшірулі ұсынды.

Сонымен қатар, байқау өткізетін қызметкерлерді екі жылда ауыстырып тұру қажет. Ал Қаржы министрлігі ұлттық холдингтерді тескеру үшін арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр.

-Жаңа құжатқа сай, біріншіден, Қаржы министрлігі  «Самұрық Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» сынды ұлттық компанияларға тендер өткізудің біріңғай тәртібін белгілейді. Екіншіден, министрлік мемлекеттік сатып алудың қалай жүргізілгенін тексереді, - деді ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры Сәбит Ахметов.

Похожие материалы