Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әйелдерге қатысты әзіл айтқан Uber директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетеді

Әйелдерге қатысты әзіл айтқан Uber директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетеді

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - Әйелдердің компаниядағы рөліне қатысты әзіл айтқан Uber компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Дэвид Бондерман қызметтен кететінін мәлімдеді, деп жазды BBC.

Жиында компанияның сексизмға қарсы шаралары қаралып жатқан болатын. Директорлардың бір мүшесі Арриана Хаффингтон зорлық азаю үшін Uber компаниясында әйелдердің санын көбейту керектігін айтқан. Оған Бондерман «онда компанияда бос әңгіме де көбейетін болды» деп жауап берген. Компания қызметкерлері бұл сөздерді дискриминация ретінде қабылдады.

Кейіннен миллиардер өз сөздері үшін кешірім сұрап, сол үшін жұмыстан шығатынын жариялады.

Әлем бойынша Uber компаниясында 12 мыңнан астам жұмысшы бар. Компанияның мәліметінше әйелдер қызметкерлердің 36 пайызын құрайды.

Похожие материалы