
Астана. 15 маусым. 7kun.kz - Астанада бүгін "Астана экономикалық форумы" өтеді. Форумда басты тақырып «Жаңа энергия - Жаңа экономика» аясында 20 панельді сессия өткізіледі.
"Астана экономикалық форум-2017" (АЭФ-2017) шеңберінде Мемлекет басшысының қатысуымен Пленарлы отырыс, әлемдік сарапшылар және Нобель лауреаттары және экономика ғалымдармен кездесу ұйымдастырылған.
АЭФ-2017 талқыланатын мәселелерге әлемдік жұртшылықтың назарын аудару үшін «The Economist» халықаралық басылым, «Бреттон-Вудс жаңғырту комитеті» Қоры, БҰҰ, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, SAP, беделді халықаралық агенттіктер және компаниялар тартылды.